Тимур Қасымов: Сербияны жеңу — кездейсоқтық емес
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Тимур Қасымов Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Сербияны (3:1) жеңген матчқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
«Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Қазақстан халқын құттықтаймын.
Жалпы, матчта біз алдын ала дайындалған және талдаған дүниелер жүзеге асты. Қарсылас бізді ешнәрсемен таңғалдырды деп ойламаймын.
Алғашқы әсерлер, әрине, тек жағымды. Бұл нәтижеге өте қуаныштымыз. Айта кеткім келеді, бұл жеңіс кездейсоқтық емес. Оның артында тынымсыз еңбек, сапалы талдау және бапкерлер штабы мен бүкіл командамыздың үлкен жұмысы тұр.
Бүгін бұл жеңіс бізге аса қажет болды. Осындай нәтижеге қол жеткізгеніміз үшін Аллаға шүкіршілік етеміз», — деді Қасымов.