«Ақтөбе» негізгі жартылай қорғаушысымен қоштасты

«Ақтөбе» негізгі жартылай қорғаушысымен қоштасты

«Ақтөбе» футбол клубы команда сапында жалдау шарты негізінде өнер көрсеткен Арман Кеңесовтың клубтан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Маусымның жарты бөлігінде Арман «Ақтөбе» құрамында 11 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Кенесов «қызыл-ақтардың» сапында Қазақстан Премьер-лигасы, Қазақстан Кубогы және еурокубок ойындарында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Енді футболшы өзіне тиесілі клубқа оралады.

Арман Кеңесовтың «Тұран» клубына ауысу ықтималдығы жоғары екені айтылуда.