Талғат Байсуфинов: Өз футболымызды көрсетуге тырысамыз

Талғат Байсуфинов: Өз футболымызды көрсетуге тырысамыз

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Арменияға қарсы алдағы жолдастық ойын туралы өз пікірін білдірді:

«Армения құрамасы — техникасы жоғары, мінезі бар, әдемі футболды жақсы көретін команда. Мұндай құрамаларға қарсы ойнау әрдайым қызықты. Бірақ қазіргі футболдың басты талабы — командалық ойын. Сондықтан біз өз қағидаттарымызға сүйенеміз: жауынгерлік рухымызға, батырлық мінезімізге, допты бақылауға және бос аймақтарды тиімді пайдалануға. Біз қабылдаған ойын үлгісін көрсетіп, өз футболымызды қарсыласқа таңуға тырысамыз»