Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең ойнады
Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матчын өткізді. Армения құрамасына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесу тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Алаң иелері бірінші таймда есеп ашты — 35-минутта Светлана Карагезян мергендік танытты. Үзілістен кейін Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Нәтижесінде кездесудің 70-минутында Әмина Бибосынова дәл соққымен есепті теңестірді. Ойынның соңында қос команданың да шабуылдауға тырысқанына қарамастан, төрешінің ысқырығы 1:1 есебін тіркеді.
Армения W — Қазақстан W — 1:1
Голдар: Карагезян 35 — Бибосынова 70
Армения W: Погосян (Қ), Карагезян, Шихшабекова (Далакян 59), Газарян (Карапетян 74), Тэйлор, Алексанян (К) (Казанчян 88), Чолакян, Сафарян (Хачатрян 88), Казачян, Асатрян, Пизлова;
Қосалқы құрам: Сарданян (Қ), Бабаян (Қ), Восканян, Нерсесян, Костанян, Саядян, Бадалян, Мартиросян;
Бас бапкер: Мариям Степанян.
Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Бурова, Власова, Мясникова (К), Низамутдинова (Демидова 84), Бабшук, Хайруллина, Нұрышева, Гайстенова (Садықова 65), Норбаева (Бибосынова 58), Тұрлыбекова (Мамырова 84);
Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Зейнали (Қ), Шустова, Сұңкарова, Набокова, Жұмабайқызы, Сатығалиева, Ирисметова;
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.
Төрешілер: Сан Хуан, Акоста, Симарро (барлығы — Грекия), Андерсон (Аустрия)
5 маусым, 2026 жыл. АФФ академияның стадионы, Ереван (Армения).