Стамбұл дербилері ешқашан көп болмайды. «Башакшехир» – «Қасымпаша» матчының тікелей эфирі
Түркияда басты Стамбұл дербилері дегенде көпшілік «Фенербахче», «Галатасарай» және «Бешікташ» клубтарының текетіресін елестетеді.
Алайда аймақтың ең ірі қаласын таныстыратын өзге де клубтар бар. Солардың қатарында «Истанбұл Башакшехир» мен «Қасымпаша» бар.
Дәл осы екі команда Суперлиганың 31-туры аясында өзара кездеседі. Айта кету керек, «Башакшехир» 2014 жылдан бері осы қарсыласынан жеңілген емес.
Қонақтар бұл серияны үзе ала ма?
Жауабын 24 сәуір күні сағат 22:00–де білеміз. Трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.