Стаc Покатилов «Сабах» клубымен келісімшартын ұзартты

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабах» клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Sport+ клубтың ресми парақшасына сілтеме жасап.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым соңында аяқталған қазақстандық қақпашының келісімі тағы бір жылға ұзарды.
Стас Покатилов «Сабах» құрамына 2025 жылдың қаңтарында қосылып, өткен маусымда 19 матч өткізді. Ол командамен бірге Әзербайжан Кубогын жеңіп алды, ал чемпионатта «Сабах» бесінші орынға ие болды.