logo

Арман Кеңесов: «Ертіске» Премьер-Лигаға шығуға көмектескім келеді

Арман Кеңесов: «Ертіске» Премьер-Лигаға шығуға көмектескім келеді

«Ертіс» жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов «Астана» командасынан Павлодар клубына ауысқаннан кейін алғашқы пікірін Sport+ арнасына берді:

— Павлодарға қайта оралғаныңмен құттықтаймыз, сені қайта көргенімізге қуаныштымыз. Кеше ғана сені Премьер-лига клубтарына байланыстырып жатты, ал бүгін туған «Ертісіңдесің». Үйге оралу мүмкіндігі пайда болғандағы сезіміңді айтып берші?

— Өткен жұма күні мен Павлодар туралы мүлде ойламаған едім. Бірақ бәрі сондай тез өрбіді. Үйге оралу мүмкіндігі туғанда, бірден келісе кеттім. Жан дүнием қалады, өзім де қаладым. «Ертіске» Премьер-лигаға шығуға көмектескім келді.

— Сен үшін «Ертіс» нені білдіреді — клуб ретінде және өміріңнің бір бөлігі ретінде?

— Егер тарихқа үңілсек, 2000-жылдардың басында «Ертіс» — «Қайратпен» қатар Қазақстан футболының брендтерінің бірі еді. Қазір клубты сол деңгейге қайта жеткізіп, «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе» сияқты командалармен қатарлас болуға көмектесу керек деп ойлаймын.

— Дәл қазір осындай шешім қабылдауыңа не түрткі болды?

— Қайталап айтам, көмектескім келді. Бізде: «Бөтен жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз бар. Барлығы осылай үйлесіп, мен Павлодарда жүрмін. Құдайға шүкір, өз үйімдемін.

— Үйге оралған адам ретінде командаға не бергің келеді?

— Меніңше, бұл өте жақсы симбиоз болады. Өйткені бұл командада Премьер-лигаға шығу — нақты мақсат. Бірақ жай ғана көтерілетін команда болып қалмай, келесі жылы жүлде үшін күресетін деңгейге жету керек. Әуелі Премьер-лигаға шығу қажет, әрине.

Мен біздің жанкүйерлеріміз «Ақтөбедегідей» деңгейде болғанын қалаймын. Мен ол жерде үш жыл ойнадым, атмосфера керемет еді. Енді жеңістерімізбен жанкүйерлерімізді қайта стадионға тартуымыз керек. Олар келіп, бізге қолдау көрсеткенін қалаймын.



Күн шежіресі