logo

«Женис» португалиялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады

«Женис» португалиялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қойғанын жариялады

28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Руй Баталья «Женис» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руй өзінің кәсіби мансабын 2015 жылы Португалияның «Мальвеира» футбол клубында бастаған. Сондай-ақ ол «Дезембро», «Оливейра-ду-Ошпитал», «Алверка», «Кова-да-Пьедади», «Жил Висенте» және «Реал Келуш» португалиялық клубтарында ойнаған.



Күн шежіресі