«Спортинг» қайтадан шыңға оралуға тырысуда. «Санта Клара» — «Спортинг» матчының тікелей эфирі

«Спортинг» «Брагамен» тең ойнағаннан кейін турнирлік кестедегі бірінші орынды «Бенфикаға» беріп қойды, енді қайтадан көшбасшылықты қайтару үшін бар күшін салуға дайын.
«Арыстандардың» жалпы нәтижесіне қатысты сұрақтар болуы мүмкін, бірақ Виктор Дьекерешке ешқандай сын жоқ. Швед шабуылшысы қатарынан 9 матчта нәтижелі ойын көрсетіп, 31 голмен Португалиядағы сұрмергендер тізімінде бірінші орында тұр.
Дьекереш «Санта Клараға» қарсы ойында нәтижелі сериясын жалғастыра ала ма? Бұл әбден мүмкін, себебі қарсылас «Спортингті» ауыр жеңілістен кейін қарсы алады, әрі соңғы 5 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жеткен.
Осы маусымда «Спортинг» «Санта Клараны» екі рет кездестірді: бір рет чемпионатта 0:1 есебімен жеңілді, ал Кубокта 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Олардың келесі кездесуі 12 сәуір күні сағат 22:00–де өтеді. Матчтың тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.