Sport+ телеарнасы мен Ali Akhmedov Promotion компаниясы меморандумға қол қойды
Sport+ телеарнасы мен Ali Akhmedov Promotion промоутерлік компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар кәсіби боксты насихаттауға, сондай-ақ бірлескен медиа және телевизиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді әріптестік туралы келісімге келді.
Ali Akhmedov Promotion ұйымдастырған алдыңғы турнирлерде жұлдызды боксшылармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас спортшылар да рингте алғаш рет өнер көрсетті. Промоушн Қазақстанда кәсіби боксты дамытуға ерекше көңіл бөліп, жас боксшылардың өздерін танытуына мүмкіндік беріп келеді.
Бұған дейін Sport+ телеарнасы промоушннің кәсіби бокс кешін тікелей эфирде көрсеткен болатын. Әріптестіктің жалғасы ретінде келесі турнир де SPORT+ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл Қазақстан көрермендері үшін турнирдің кең ауқымда қамтылуын қамтамасыз етеді.
27 желтоқсан, Алматы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
Әли Ахмедов — Делали Миледзи
Тікелей эфир — тек SPORT+ телеарнасында.