Софья Самоделкина қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Азия ойындарында төртінші орын алды

Софья Самоделкина Азия ойындарындағы мәнерлеп сырғанау жарысының қысқа бағдарламасында 63.31 ұпай жинады, деп хабарлайды Sport+.
Осы нәтижемен Самоделкина төртінші орынға тұрақтады.
Ал София Фарафонова 45.63 ұпай жинап, тоғызыншы орында орналасқан.
Жарыстың еркін бағдарламасы 13 ақпанда өтеді.