Харбинде 2025 жылғы қысқы Азия ойындары ресми түрде басталды

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ол заманауи технологиялар мен өңірдің мәдени дәстүрлерін біріктірді, деп хабаралайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Азия ойындарына Азияның 34 елінен 1000-нан астам спортшы қатысады. Аталмыш жарыста Қазақстан атынан 137 атлет өнер көрсетеді. Құраманың ту ұстаушылары ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова таңдалды.
Азия ойындарының 2025 жылы ресми ашылғанын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин өз сөзінде жариялады.
Көркемдік бөлім Харбиннен басталып, Қытайдың басқа аймақтарына, одан әрі бүкіл Азияға бағытталған поэтикалық саяхат түрінде ұсынылды. Шоу бағдарламасы үш негізгі бөлімнен тұрды. Онда қыс мезгілінің құдіретіне арналған арнау, қысқы спорт түрлерінің рухын көрсету, сондай-ақ құрлықты байланыстыратын берік қарым-қатынасқа құрмет көрсетілді. Сонымен қатар бұл қойылым баланың өсуі, оның армандары, мақсаттары мен өзін-өзі танытуы туралы лирикалық оқиғаны бейнеледі.