Скатов мансабындағы үшінші Челленджер турнирін жеңіп алды

Қазақстандық Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен Челленджер сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Тимофей финалда итальяндық қарсылас Стефано Травальяны 7:6, 0:6, 6:2 есебімен жеңді.
Оған дейін Скатовтың 2022 жылы Пармада және 2024 жылы Аугсбургте Челленджер турнирлерінде жеңістері болған.