Сағындықова мен Дмитриченко Астанадағы турнирдің финалына шықты (видео)

Қазақстандық жұп Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко ITF W15 «Президент кубогы» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда Аружан мен Екатерина Өзбекстан өкілдері Нигина Алимова мен Сабрина Олимжанованы 5:7, 7:5, 10:5 есебімен жеңді.