logo

Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Төртінші айналымдағы матчта Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизді 6:7(3:7), 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қате жіберді және 14 брейк-пойнттың 6-ын пайдаланды.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкаға қарсы өнер көрсетеді.