logo

Семсерлесуші Руслан Курбанов Канададағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Семсерлесуші Руслан Курбанов Канададағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен — Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын).

Кирилл Проходов — 26-шы орын, Никита Жулинский — 42-ші, Александр Федотов — 46-шы, Кирилл Павлов — 64-ші, Вадим Шарлаимов — 85-ші, Эльмир Әлімжанов — 118-ші, Алексей Касаткин — 161-ші, Ерлік Сертай — 180-ші орын алды.

Командалық жарыста Қазақстан 13-ші орынға тұрақтады.



Күн шежіресі