Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды
24 наурыз күні Қазақстан Республикасының чемпионаты Шығыс Еуропа кубогының III кезеңі аясында спортшылар спринт жарысында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+.
Іріктеу кезеңінің стартына Қазақстан мен Таиландтан 120-дан астам шаңғышы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер үштігі төмендегідей болды:
Ерлер:
Константин Борцов
Святослав Матасов
Сұлтан Базарбеков
Әйелдер:
Надежда Степашкина
Ксения Шалыина
Мария Люфт
25 наурыз күні спортшылар жекелей жарыстарда өнер көрсетеді.