logo

Раушан Қойшыбаева парапауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Раушан Қойшыбаева парапауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Каир қаласында өткен парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Раушан Қойшыбаева 73 келі салмақ дәрежесінде 330 келі көтеріп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Аталған салмақ дәрежесінде екінші орынды Тамар Жизель Менге (321 кг) иеленсе, үшінші орын мексикалық Асуара Гутьеррес Никс Корадиге (310 кг) бұйырды.