Рамазан Әйнегов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Жарыстар «суперспринт» тәртібінде өтті. Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Әйнегов мәреге екінші болып келді, ал Артём Бедрин жетінші нәтиже көрсетті.
Жарыстың жеңімпазы қытайлық Ли Янсон болды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Ву Хён Кан түйіндеді.