logo

ҚФФ ұлттық және жасөспірімдер құрамалары мен техникалық секторды басқарудағы құрылымдық өзгерістер туралы хабарлайды

ҚФФ ұлттық және жасөспірімдер құрамалары мен техникалық секторды басқарудағы құрылымдық өзгерістер туралы хабарлайды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының құрылымында кешенді өзгерістер енгізілгенін мәлімдейді, деп хабарлайды Sport+ ұйымға сілтеме жасап. 

Даму мен жаңғырудың жаңа кезеңіне көшу аясында келесі мамандар тағайындалды:

Геннадий Скуртул — ҚФФ техникалық директоры;
Руслан Балтиев — ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
Әли Әлиев — Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері;
Денис Мамонов — Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері;
Кирилл Кекер — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
Бауыржан Сағындық — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері;
Мадияр Кембілов — Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
Жанна Мальгаждарова — Қазақстан әйелдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
Юлия Мамонова — Қазақстан әйелдер құрамасының (U-17) аға бапкері.
Бұл кадрлық тағайындаулар Федерацияның техникалық секторын жүйелі түрде жаңғырту бағытына сәйкес келеді. Аталған өзгерістер стратегиялық жоспарлау мен әдістемелік жұмыстан бастап, аймақтық бағдарламаларды дамытуға, бапкерлер дайындауға және құрамалар жұмысын үйлестіруге дейінгі ауқымды қамтиды.

2026 жылдың басында Қазақстан футболының техникалық дамуына арналған жаңа стратегия таныстырылады. Бұл құжат ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жастар футболын қамтып, негізгі даму бағыттарын, заманауи ойыншы мен бапкер дайындау қағидаттарын және қысқа-орта мерзімді мақсаттарды белгілейді.

Қазақстан футболы құрамалар арасындағы өзара байланысты күшейтуге, дайындық жүйесінің бірізді құрылымын қалыптастыруға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған жүйелі жаңару кезеңіне қадам басып отыр.

Барлық өзгерістер ашықтық, кәсібилік және ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылуда.

Қазақстан футбол федерациясы бұған дейін осы лауазымдарда қызмет атқарған мамандарға атқарған еңбектері мен отандық футболдың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді және алдағы кәсіби жолдарында табыс тілейді!



Күн шежіресі