Қазбек Сағын: Ермахан мансабындағы ең үздік жекпе-жегін көрсетуге дайын

NAIZA-ның бұрынғы чемпионы Қазбек Сағын Sport+ сайтына арнайы сұхбат беріп, Ермахан Орынтаевтың алдағы қарсыласы — қытайлық Майвейланиге қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
«Ермахан тамаша формада. Ермахан дайын. Бұл жекпе-жекке бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткізді. Физикалық жағынан да, функционалдық тұрғыдан да бізбен бірге толық дайындалды. Яғни, оның ең үздік спарринг-серіктестері болды. Асу Алмабаев, мен және басқалар. Ол Осетияда да жақсы жаттықты, осы жекпе-жекке нақты дайындалды. Шынымды айтсам, дәл осындай бабында оны үміткерлік жекпе-жекте көргім келетін. Бұған дейін оны Саясатовпен жұптастырғысы келген сияқты еді, бірақ ол жүзеге аспады. Дегенмен, Әлхамдулиллаһ, ол барлық қырынан толық дайын. Ол мансабындағы ең үздік жекпе-жегін көрсетуге әзір», — деді Қазбек.
Турнир 30 мамыр күні Қарағандыда өтеді. Толық шараны тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.