Қазақстанның әйелдер құрамасы (U-20) күрестен әлем чемпионатына қатысатын құрамын анықтады

17–24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Бұл байрақты бәсекеде Қазақстанның әйелдер құрамасы намысын тоғыз балуан қыз қорғайды.
Төменде U-20 құрамындағы балуандар тізімі берілген:
50 келіге дейін – Мейрамгүл Ахметжан
55 келіге дейін – Алиана Махамбетова
57 келіге дейін – Анна Стратан
59 келіге дейін – Әнел Шоқаева
62 келіге дейін – Айдана Шораева
65 келіге дейін – Қыз-Жібек Жарқынбаева
68 келіге дейін – Сабина Төрей
72 келіге дейін – Мейрамгүл Мақсот
76 келіге дейін – Алина Ертостық