Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы

17–24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын құрамды анықтады.
55 келіге дейін: Арсен Жұма
60 келіге дейін: Саламат Мұратұлы
63 келіге дейін: Дамир Ибрашов
67 келіге дейін: Әлібек Тұрлығазы
72 келіге дейін: Юсуф Ашрапов
77 келіге дейін: Ақжан Ықыласов
82 келіге дейін: Диас Сейітқалиев
87 келіге дейін: Темірлан Турдақын
97 келіге дейін: Нұрасыл Аманалы
130 келіге дейін: Қуаныш Амангелді