Қазақстандық жекпе-жек шеберлері Испанияға аттанып жатыр

Қазақстандағы Low Kick лигасының президенті Өмірбек Алмағжанов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Испанияда құрылған негізгі промоушен тарапынан қазақстандық спортшыларға деген қызығушылық туралы айтты.
«Испания тарапынан шақырту бар, оларға Зомби (Сағынышбек Тынышбек) өте ұнады. Олар жол шығындарын өз мойнына алуға дайын, ал қалғанының бәрін Low Kick Қазақстан өз мойнына алады. Жақын арада оны Испанияға апарғымыз келеді. Сонымен қатар олар Муай-тай шебері, біздің лигаға қол қойған Юрий Белянинге де қызығушылық танытып отыр», — деді лига басшысы.
Лига президентінің және спортшылардың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.