logo

Қазақстандық жауынгер Қайрат Ахметов ONE FC лигасына реніші туралы айтты

Қазақстандық жауынгер Қайрат Ахметов ONE FC лигасына реніші туралы айтты

ММА-дан спорт шебері, танымал қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында ONE FC лигасымен арадағы қарым-қатынасы және неге ұйымнан кеткені туралы ашық баяндады:

«Су ішкен құдығыңа түкірме дейді, бірақ ONE FC-ге өкпем бар. Олар мені ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шығармай қойды. Өзімді дайын күйде ұстадым, бірақ мүмкіндік берілмеді. Дегенмен, бұл ұйымға алғысым шексіз — мен сонда жылдар бойы өнер көрсеттім, лиганың ардагері болдым, жақсы табыс таптым, жауынгер ретінде қалыптастым», — деді Ахметов.

Ол сондай-ақ, бұл шешімнің екі тарапқа да оңай болмағанын айтып, кәсіби мансабындағы бұл кезеңге құрметпен қарайтынын жеткізді.

Қайрат Ахметовпен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыз.



Күн шежіресі