Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиадада қатарынан төртінші жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиадада қатарынан төртінші жеңісіне жетті

Самарқандта (Өзбекстан) 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші тур партиялары өтті, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары әр тур сайын күшейіп келеді. Төртінші турда қазақстандық шахматшылар бастапқы рейтингте 16-орында тұрған Армения құрамасымен кездесті.

Турдың басты оқиғаларының бірі Бибісара Асаубаеваның турнирдегі алғашқы жеңісі болды. Ол бұған дейінгі екі партиясын тең аяқтаған еді. 16 жастағы Елназ Қалиахмет жеңісті сериясын төрт партияға дейін жеткізді. Ал Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз партияларын тең нәтижемен аяқтады.

Әйелдер. 189 команда

Қазақстан — Армения — 3:1

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бастапқы рейтингте 76-орында тұрған Жапония командасымен кездесті. Фаворит саналған қазақстандық шахматшылар сенімді ойын көрсетіп, Олимпиададағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ерлер. 205 команда

Қазақстан — Жапония — 3,5:0,5

Бесінші тур партиялары ертең өтеді.

11 турдан тұратын шахмат Олимпиадасы 27 қыркүйекте аяқталады.



Күн шежіресі