logo

Қазақстандық дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді салды

Қазақстандық дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді салды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.

Финалда Давлатов түрік балуаны Салих Йылдызға жол берді.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы алғашқы медалі.



Күн шежіресі