Қазақстан U16 құрамасының Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесулерге арналған ойыншылар тізімі
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Қырғызстан құрамасымен екі рет жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Ойындар Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде өтеді. Алғашқы кездесу 5 маусымға белгіленсе, екінші матч 8 маусымға жоспарланған.
Тізімге 25 футболшы енді:
Қақпашылар: Синан Тұран («Қайрат»), Евгений Кравцов, Әділет Омар (екеуі де — ҚФФ Академиясы);
Қорғаушылар: Ернат Бағытжан, Зейнулла Абибулла, Жансейіт Әбужүсіп (барлығы — ҚФФ академиясы), Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев (екеуі де — «Шахтер»), Ришад Құрбаниязов («Ақтөбе»), Трофим Кригер, Бекнұр Нұрман, Кирилл Плачинда (барлығы — «Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Абзал Әділхан, Әлихан Қуандық (екеуі де — ҚФФ академиясы), Нұрәділ Жанғазиев («Ақтөбе»), Даниял Сағынділдә («Ордабасы»), Қайсар Әнуарбек («Қайрат»), Максим Бонет («Шахтер»);
Шабуылшылар: Динур Қабыл, Мансұр Ақылбек, Ерасыл Ибадулла (барлығы — ҚФФ академиясы), Азамат Құттымұрат, Дастан Рүстем (екеуі де — «Қайрат»), Дамир Данабаев («Ақтөбе»), Никита Духов («Шахтер»).