Давид пен Голиаф шайқасы. «Қайрат» — «Қайсар» U16 матчының тікелей эфирі

Давид пен Голиаф шайқасы. «Қайрат» — «Қайсар» U16 матчының тікелей эфирі

QJ League U16 командалары арасында «Қайрат» ұпай жоғалтқан жалғыз ұжым.

Алматылықтарды тек «Ақтөбе» құрамасының жасөспірімдері тоқтатып, 1:1 есебімен тең түскен еді.

Енді Денис Леденев шәкірттері алға озып кеткен «Шахтер» ойыншыларын қуып жетуге тырысуда.

«Қайраттың» жолындағы келесі қарсылас — турнир кестесінің соңғы сатысында тұрған «Қайсар».

Матч 16:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі