«Каспий» мен «Ертіс» тең түсті (видео)

«Каспий» мен «Ертіс» тең түсті (видео)

Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында ақтаулық «Каспий» өз алаңында павлодарлық «Ертіспен» 2:2 есебімен тең ойнады.

Есепті 27-минутта Идрис Умаев ашты. Үзілістен кейін, 49-минутта Жан-Морель По таразы басын теңестірді.

Кездесудің соңына қарай Бақдәулет Зульфикаров «Каспийді» қайтадан алға шығарғанымен, алаң иелері жеңісті ұстап қала алмады. 90-минутта По дубль авторы атанып, «Ертіске» бір ұпай сыйлады.



Күн шежіресі