Өз алаңындағы алғашқы ойын: «Алтай» — «Оқжетпес» матчының трансляциясы

Өз алаңындағы алғашқы ойын: «Алтай» — «Оқжетпес» матчының трансляциясы

«Алтай» ақыры өз алаңа оралды. Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турындағы матчты Вахид Масудов баптайтын команда «Восток» стадионының алаңында өткізеді.

Өскенмендік команданың Премьер-лигаға оралғаннан кейінгі алғашқы қарсыласы өз алаңында жаңа маусымның басты сенсациясы «Оқжетпес» болады. Соңғы турда олар «Астана» командасын 1:0 есебімен жеңген еді.

«Алтай» да өткен турда жеңіске жетіп, Премьер-лигаға оралғаннан кейінгі алғашқы жеңісін тіркеді.

«Алтай» — «Оқжетпес» матчы 22 мамыр күні сағат 15:00–де басталады.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі