logo

Қазақстан семсерлесушілері әлемдік рейтингте үздік үштікте

Қазақстан семсерлесушілері әлемдік рейтингте үздік үштікте

Семсерлесуден Қазақстан жастар құрамасы әлемнің үздік үштігіне енді, деп хабарлайды Sport+

Гонконгтағы әлем Кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсеткен соң Қазақстан командасы әлемдік рейтингте көтерілді. 

Богдан Лукин, Георгий Тинников, Нұржан Абжанов және Кирилл Проходов сол жарыста күміс медаль иеленіп, жалпы рейтингте үшінші орынға тұрақтады.