Қазақстан құрамасының Таиландқа қарсы матчқа құрамы жарияланды
Таиланд құрамасына қарсы Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы алдағы матчқа қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды.
Ұлттық құрама сапына бес теннисші енді:Александр Шевченко
Денис Евсеев
Тимофей Скатов
Бейбит Жукаев
Амир Омарханов
Қазақстан құрамасының капитаны — Диас Досқараев.
Таиланд құрамасының сапына келесі спортшылар енді:Pawit Sornlaksup
Thanapet Chanta
Maximus Parapol Jones
Kasidit Samrej
Pruchya Isaro
Таиланд құрамасының капитаны — Thanakorn Srichaphan.
Қазақстан – Таиланд матчы 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.
Қарсыласу бес матчтан — төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Бірінші ойын күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей кездесу өтеді. 19 қыркүйекте командалар жұптық матч өткізіп, одан кейін тағы екі жекелей кездесу жоспарланған.
Матчтар 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады.
Қарсыласу жеңімпазы 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.