Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыластары анықталды
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Ойындар күнтізбесі:
25.03.2026
М1. Қазақстан — Комор аралдары — 15:00
М2. Кувейт — Намибия — 20:00
28.03.2026
М3. ұтылған команда М1 — ұтылған команда М2 — 15:00
М4. жеңімпаз М1 — жеңімпаз М2 — 20:00
Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.
Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.