Қазақстан құрамасы байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионатын аяқтады

Италияның Милан қаласында байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан құрамасының сапындағы ең үздік нәтижені Сергей Емельянов көрсетті. Ол 200 метр қашықтықта каноемен есуден жекелей сайыста А финалына дейін жетті.
Нәтижесінде спортшы алтыншы орынға тұрақтады. Сондай-ақ Стелла Суханованы да атап өткен жөн – ол 1000 метрлік қашықтықта (байдаркамен есуден жекелей сайыс) В финалында жеңіске жетті.