logo

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатын бастады

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатын бастады

Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күні Қазақстан құрамасының өкілдері батутта секіруден аралас жұптық сында іріктеу кезеңіне қатысты.

Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағанбетов ел намысын қорғады.

Спортшылар 47.730 ұпай жинап, 23-орынға ие болды. Өкінішке қарай, іріктеуден өте алған жоқ.



Күн шежіресі