logo

Қазақстан Әлем чемпионатының алдында Словенияға жеңілді

Қазақстан Әлем чемпионатының алдында Словенияға жеңілді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының алдында Словения құрамасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Sport+ Хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Ойынның есебі — 3:2, словениялықтардың пайдасына. Қазақстан құрамасының сапында шайбаларды Кирилл Панюков (Алихан Әсетов пен Тамерлан Гайтамировтың пасынан) және Аркадий Шестаков (Никита Михайлис пен Артём Королёвтың пасынан) соқты.

Қазақстан құрамасы үшін Әлем чемпионатының басталуы — 10 мамыр.