logo

Әділ Бекетаев: Алғашқы пәтерімнен Кәрімовтардың себебімен шығарып жіберген

Әділ Бекетаев: Алғашқы пәтерімнен Кәрімовтардың себебімен шығарып жіберген

«Барыс» командасының капитан орынбасары Әділ Бекетаев Sport+ арнасына берген сұхбатында Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Рамазан Кәрімовпен достығы туралы айтып берді. 

«Мен 7-сыныпта Астанаға келдім, ата-анам мені № 10 спорт мектебіне хоккейге жіберді. Жақын жерде 48-мектеп болды, алыстан қатынамай-ақ қояйық деп, сол мектепке бардым. Сөйтсем, ол жерде спорт классы екен — Санжар Ниғмет екеуміз «Астана» клубында бірге хоккей ойнадық, футбол ойнайтындар да көп болды, соның ішінде Каримовтар — Рамазан мен Әділет те бар. Сол кезде тек хоккейшілер ғана нашар оқитын.

Бір қызығы, бізді ортақ қызығушылықтар жақындатты. Кейін білсек, Каримовтармен көрші аулада тұрады екенбіз. Сөйлесу барысында менің де футболды жаман ойнамайтыным, ал олардың хоккейді — әсіресе, көгалдағы хоккейді теннис добымен жақсы көретіні белгілі болды.

Бірінші тұрған пәтерден солардың кесірінен шығарып жіберді — мен үйге кеш, түнгі 10-11-де қайтатынмын. Ол кезде біз пәтердің ішінен бөлме жалдап тұратынбыз, үй иелерінде маған деген жауапкершілікті өздеріне артқан еді. Ақыры олар мені бақылау қиын деп, пәтерден шығарып жіберді. Бірақ сол кездер керемет еді», — деді Бекетаев. 

Толық сұхбатты төмендегі плеерде көре аласыздар: