logo

Қазақстан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы екінші матчында Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде үш минут айырмашылықпен Александр Симахин мен Даниил Медведев шайба соқты. Ал екінші кезеңде Егор Кравченко мен Тимур Миндубаев көзге түсті.

Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ойын 4:0 есебімен аяқталып, Қазақстан Венгрияның Секешфехервар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сергей Старыгиннің шәкірттері келесі ойынын 23 сәуірде Дания құрамасына қарсы өткізеді.