logo

Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында Таиландты ірі есеппен жеңді.

Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында Таиландты ірі есеппен жеңді.

 Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңнің жетінші матчында Таиландпен кездесті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде төрт жеңіс пен үш жеңіліс бар. 13 ақпанда отандастарымыз Гонконгпен кездеседі.



Күн шежіресі