logo

Қазақстан әйелдер командасы алдағы ойындарға құрамын жариялады

Қазақстан әйелдер командасы алдағы ойындарға құрамын жариялады

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Люксембург пен Арменияға қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Ақпан айында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы бас бапкер Мадияр Кембіловтің басшылығымен УЕФА Ұлттар Лигасының 2025 жылғы жаңа маусымын бастайды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» Лигасының 3-тобына Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамаларымен түсті.

2025 жылғы футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты біздің құрама алғашқы үш ойынды сырт алаңда өткізеді. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын 21 ақпанда Люксембургке қарсы матчпен сырт алаңда бастайды. Төрт күннен кейін біздің команда сырт алаңда Армениямен ойнайды. 

Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Диярбакыр», Түркия), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Әсел Әнуарбек («Ұлытау»), Аружан Оразбекова (клубсыз);

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Жібек Жақсыбай, Нұрсая Сұлтан («Ордабасы»), Анастасия Власова, Мадина Жанатаева, Айгерім Айтымова, Қазына Норбаева (бәрі – «Ақтөбе»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Камила Құлмағамбетова, Алина Лозукова, Жанеля Ержанова («БИІК-Шымкент»), Аяжан Қожабекова («Қайрат»), Карина Берікова (клубсыз);

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әсем Қаражанова («Ақтөбе»), Валерия Попова, Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Назым Алданазар, Полина Тучина («Қайрат»);

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушысы, Мұрат Мұқашев – қақпашылар бапкері, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Айдана Рамазанова – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Ердос Қалимов – массажист, Серік Жугралин – менеджер.