Қақпашылар неге кеш ашылады? Нұрымжан Салайдин тәжірибе туралы айтты

«Қайсар» футбол клубының қақпашысы Нұрымжан Салайдин Sport+ телеарнасының құрметті қонағы болып, қақпашылар мансабының басты ерекшеліктері туралы ой бөлісті.
— Көптеген қақпашылар футболды кеш бастап, сол кезде ғана таныла бастайды. Қақпашы үшін ең бастысы — тәжірибе. Әрине, жастайынан көзге түсетін талантты қақпашылар болады, бірақ көпшілігі 30 жастан кейін ғана негізгі құрамда ойнай бастайды. Мысалы, Игорь Шацкийді алайық: менің білуімше, ол ұлттық құрамаға 30-31 жасында шақырылды. Оның жұлдызы 30-дан кейін жанды десек болады. Мұндай мысалдар әлемде де көп. Өз басым да дәл осындай жолмен келе жатырмын: 30-дан кейін мені үлкен белестер күтіп тұрған болар деп ойлаймын, — деді Нұрымжан.
«Спорт сыры» бағдарламасының толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.