logo

«Қайрат» «Гремио» түлегімен келісімшартқа отырғанын жариялады

«Қайрат» «Гремио» түлегімен келісімшартқа отырғанын жариялады

Футбол клубтары «Қайрат» пен чехиялық «Виктория» (Пльзень) бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Sport+ алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатынан шыққан, сол аттас клубтың тәрбиеленушісі. Кәсіби мансабын Бразилиядағы «Гремио» командасынан бастаған, кейін «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) және «Маритиму» (Португалия) сапында ойнаған.

2023 жылдың басында болгариялық «Левски» клубына ауысып, онда команданың көшбасшы ойыншыларының біріне айналды: 56 матчта 20 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

2024 жылдың жазында чехиялық «Виктория» (Пльзень) клубымен келісімшартқа отырып, УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

2025 жылдың алғашқы жартысын Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасында өткізді — 11 ойында 1 гол соқты.