logo

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының футболшысымен толықты

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының футболшысымен толықты

Қазақстан құрамасының 30 жастағы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков мансабын ҚР Премьер-лигасында жалғастырады — футболшы «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Жуков қаланың бір мекемесінен байқалған болатын, ал бүгін оның клубқа ауысқаны ресми түрде расталды. Бұған дейін ол Польша чемпионатында өнер көрсететін «Пуща» клубымен келісімшартты бұзып, барлық турнирлерде 11 матч өткізген.

Соңғы апталарда ойын тәжірибесінің болмауына қарамастан, Жуков ұлттық құраманың тұрақты ойыншыларының бірі. Алайда Солтүстік Македонияға қарсы өткен матчта (0:1) ол бұлшықет жарақатына байланысты құрамға енбей қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FC AKTOBE (@fcaktobe_official)



Күн шежіресі