«Ордабасы» жаңадан қосылған ойыншысы грузиялық клубтан болған жеңіліске пікір білдірді

Шымкенттің «Ордабасы» клубының бразилиялық шабуылшысы Эвертон Мораес оқу-жаттығу жиынындағы «Гареджи» (Грузия) клубына қарсы матчтағы (1:3) жеңіліс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі матч өте қиын өтті, қарсылас өз мүмкіндіктерін голға айналдыра білді. Ең бастысы – дайындықты жалғастырып, чемпионат ойындарында жеңіске жету», – деді Мораес.