2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында төртінші орын алды

Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында төртінші орын алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.

Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.

Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды — 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды — 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді — 13.666.

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.



Күн шежіресі