Қазақстан U17 құрамасы жолдастық матчта Өзбекстанды жеңді
Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның жасөспірімдер құрамалары арасындағы алғашқы жолдастық кездесу аяқталды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Матчтың негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Сәлім Хасанов гол соқса, Ануар Төленді хет-трик авторы атанды.
Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде Русланжан Раимбакиев шәкірттері 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Командалар арасындағы екінші кездесу 28 қыркүйекте өтеді.
Қазақстан U17 — Өзбекстан U17 — 4:4 (3:2)
Гол авторлары: Төленді 18, 26, 50; Хасанов 30 — Ачилов 3; Ахилбаев (автогол) 36; Холмаматов 72; Саматов 85.
Қазақстан U17: Заманбек (қ), Турищев, Байменов, Әбді (к), Плачинда, Ахилбаев, Бапищев, Бижанов, Хасанов, Төленді, Шалыгин.