Боксшы Назым Қызайбай Азия ойындарын аяқтады
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал Назым Қызайбай Азиада өнер көрсетуін аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.