logo

«Ордабасы» үшін соңғы мүмкіндік? «Тобыл» чемпиондық үшін күресте. «Ордабасы» — «Тобыл» матчының тікелей эфирі

«Ордабасы» үшін соңғы мүмкіндік? «Тобыл» чемпиондық үшін күресте. «Ордабасы» — «Тобыл» матчының тікелей эфирі

21-тур аясында Шымкентте «Ордабасы» мен «Тобыл» кездеседі. Бұл кездесу турдың орталық матчтарының бірі болмақ, қос команда да барынша жігерлі ойнайды.

Шымкенттіктер бірнеше сәтсіз нәтижеден кейін жүлдеге таласушылар қатарынан қатты қалып қойды, енді кез келген ұпай жоғалту олардың үздік үштікке ену мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Қазір олардың көшбасшылардан айырмашылығы — 10 ұпай.

Ал «Тобыл» екі тур бұрын «Қайраттан» жеңіліп, чемпиондыққа күресін қиындатқан болатын. Алайда кеше алматылықтардың жеңілісі арқасында Қостанай клубының мүмкіндігі қайта жанданды. Қазір «Тобыл» көшбасшыдан 5 ұпайға артта, бірақ екі ойыны кем. Жоғалған ұпайлар бойынша «Астана» алда — Григорий Бабаян шәкірттерінің 2 ұпайы артық.

Бірінші айналымда «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы матч ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалған еді — шымкенттіктер Қостанайға ұшып жете алмады. Сондықтан 17 тамыздағы бұл кездесудің маңызы тіпті артып отыр.

Матчтың басталуы — сағат 20:00–де. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі