«Бенфика» маусымды сәтті бастады. «Эштрела» – «Бенфика» матчының тікелей эфирі

Клубтық әлем чемпионатына қатысқаннан кейін «Бенфика» маусымды керемет бастады: Португалия Суперкубогында «Спортингті» жеңіп, кейін Чемпиондар лигасында «Ниццаны» жалпы 4:0 есебімен ұтты.
Енді Бруну Лаждың шәкірттері ел чемпионатындағы алғашқы матчында «Эштрела» командасына қарсы ойнайды. «Эштрела» бірінші турда «Эшторилмен» тең түсті.
Матч 00:30-да басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.